Шымкентте бос лауазымдар жәрмеңкесі өтті

402
Шымкентте бос лауазымдар жәрмеңкесі өтті

Әкімдік қызметіне қызығатындар үшін жағымды жаңалық. Шымкентте бос лауазымдар жәрмеңкесі өтті. Қатысушыларға Шымкент қаласы әкімдігінің бос орындары ұсынылды. Іс-шара барысында мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасудың жолы да түсіндірілді.

Үміткер ең бірінші Қзақстанның заңнамаларын білетінін және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тесттен өтуі тиіс. Одан кейін мемлекеттік орган жариялаған конкурсқа қатысуы шарт. Сосын комиссияда әңігімелесу барысында оң қорытынды алса ғана жұмысқа орналаса алады.

Шымкентте бос лауазымдар жәрмеңкесі өтті

Былтыр Астанадағы жоғары оқу орнын тәмамдаған Айнұр Исхақова бос лауазымдар жәрмеңкесіне қатысушылардың бірі. Жас маман қазіргі таңда облыс әкімдігіндегі басқармалардың бірінде келісім-шарт негізінде жұмыс істейді. Алайда еңбек өтілі болмағандықтан, заңгер мамандығы бойынша әлі тұрақты жұмысқа орналаса алмай жүр.

Бұл жәрмеңкеде Шымкент қаласы әкімдігінің бос лауазымдары ұсынылды. Кадр таңдауда ең алдымен үміткердің іскерлігі мен біліктілігіне аса мән береміз дейді шенеуніктер.

Бос лауазымдарға арналған конкурстар туралы ақпаратты 53-00-07, 53-67-48 және www.shymkent.gov сайтынан табуға болады.