Шымкентте Литва дәрігерлері шеберлік сабағын өтуде

326
Шымкентте Литва дәрігерлері жүр

Шымкент қаласына Литва елінен дәрігерлер келді. Шетелдік мамандар апта бойы оңтүстікқазақстандық әріптестеріне перинаталдық және неонаталдық күтімнің жаңа технологияларын үйрететін болады.

Литваның Каунас қаласынан келген 5 дәрігердің арасында акушер гинеколог, анестизиолог-реаниматолог, неонтолог, неонталды медбике мен акушер бар. Олар Шымкент қаласындағы №4 және Түркістан қаласындағы №3 перинаталдық орталықтарда шеберлік сабақтарын өткізіп жүр. Бас-аяғы 32 маман литвалық әріптестерінен сабақ алмақшы.

Айта кететін жайт, Литвадан келген 5 маманның барлығы да әлемдік деңгейде мойындалған білікті дәрігерлер. Медициналық қызмет сапасын жақсарту, ана мен бала өлімін азайту, өңірде медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатындағы бұл әріптестік 2010 жылдан басталған болатын.

Жеті жыл ішінде Литва медицина ғылымдарының университетінің жоғары білікті мамандары облысқа бірнеше рет келіп, тәжірибе алмасты. Литвалық дәрігерлер біздің ақ халаттылардың озық технологияларды меңгеруге деген құлшыныстарына тәнті болғанын жасырмады. Сондай-ақ, облыста гинекология мен неонтология саласы заман көшінен қалмай, дамып келе жатқанын айтты.