Күйеуі әйелін пышақтап тастады. Содан кейін өз кәнісін толық мойындап, видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген. Сорақысы сол, бұл азамат бейнежазбада осы әрекетін күнә емес, керісінше, Алланың жолындағы міндетім деп мәлімеде қалдырған. Ал ауыр жарақат алған азаматшаның туыстары күйеу баласының айтып отырған айыптауымен келсіпейді.
Айтуларынша, екі баланың анасы ешқандай жат ағымға кірмеген. Қазір пышақ жарақатын алған келіншек ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер, әйелдің өмірімен күресуде. Бесресми мәліметтер бойынша, күдікті азамат қамауға алынған. Бірақ, бұл ақпаратты ІІД баспасөз қызметі растамады.
Сандықыз Жақсылықова, жәбірленушінің анасы: » Қызым ешқандай жат ағымға кірмеген. Қайта күйеу балам сектаға кіріп кеткен сияқты. Сақалын, шашын жалбыратып өсіріп алады. Қызымды ұрып-соғып келген. Екеуі бес ай бұрын ажырасып кеткен. Сонда да күйеу балам тыныштық бермеген. Ақыр соңы пышақтап кетті. Әділ жазасын алсын».
Лаура Мамырова