10 жасар балаға жыныстық әлімжеттік жасаған бозбала ақталды

697

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Түлкібас ауданының тұрғыны 15 жасар жеткіншекке қатысты іс қаралып жатыр. Ол 10 жасар балаға жыныстық әлімжеттік көрсетті деп айыпталған болатын. Бірақ алқа билер сотының шешімімен барлық айыптаулардан ақталып шыққан.

Бірінші сот үкіміне шағымды апелляциялық алқаға жәбірленуші баланың ата-анасы жолдаған. Істің қайта қаралуын талап етуде. Бірінші апелляциялық алқа сот отырысы жәбірленуші тараптың өтінімімен кейінге қалдырылды. Жәбірленушінің анасы іс сапарда. Айыпталып, ақталып шыққан тараптың туыстары мен адвокаттары бұл сотта да ақ екендіктерін дәлелдеп шығатындарына сенімді.