ҚР ІІМ жасөспірімдердің әлімжеттігі жайлы екінші оқиғаға түсініктеме берді

340

Жуырда ғана жасөспірімдердің дәретханада өз қатарластарын ұрып жатқандар мен оны бейнеге түсіргендердің кім екендігін тәртіп сақшылары анықтады.

Белгілі болғанындай оқиға Қызылорда қаласында орын алған. Биыл емес, былтыр яғни, 2018 жылдың 10 қаңтары күнгі оқиға. Ол кезде зардап шеккен жасөспірімдердің ата-аналарынан ешқандай арыз түспеген.

“ҚР ҚК-нің 293 бабының 2 бөлігі бойынша яғни, «Топ болып бұзақылық жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеру шаралары басталды. Аталмыш бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу көзделген» деп хабарлады ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Алмас Сәдубаев.