«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы қалалық №5 емхананың психологы Гүлнар Шаукенбаева:
— Отбасындағы ата-ана мен бала қарым-қатынасы туралы жас ата-аналарға кеңес берсеңіз. Бала тәрбиесінде қандай кемшілік жібереміз? Үйдегі жағдай қандай болуы керек?
— Дәл осы мәселе бүгінде ең өзекті мәселеге айналып отыр. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп жатырмыз. Әртүрлі бағдарламалар, мектептерде кездлесулер өткізіліп жатыр. Ата- аналардың бала тәрбиесінде 4 стильі бар. Ең бірінші авторитарлық, баланы тәрбиелеу барысында осыны қолданады. Яғни, ұрсу, ұру, ұрып соғу, дөрекі сөйлеу, балаға көп шектеу қояды. Ол үшін балаға өзінің ойын айтуға мүмкіндік бермейді. Ата-ана бала үшін алдын ала бәрін шешіп қояды. Қандай ерекшеліктер пайда болады мұндай кезде? Бала өз күшіне сенімді болады. Өзіне не қажет, не қажет емес, бәрін түсінеді. Бірақ ол баланың өмірінде бір кездері қиындық болады ғой, мектепте, балалардың арасында сол кезде ол кінәні әрдайым өзінен іздейді және өз күшіне сенімсіз бола бастайды. Екінші тәсіл демократиялық тәсіл. Баланы тәрбиелеу барысында ата-ана баланың ой өрісін тыңдайды, оның қызығушылығымен бөліседі. Ата-ана баланы ести алады. Ол бала өз күшіне сенімді, көңілді болады. Өз ойын еркін жеткізе алады. Үшінші тәсіл, либералдық, яғни, балаға ата-ана еріктілікті, еркіндікті шексіз беріп қойған. Онша қадағаламайды. Еркіндік көп. Еркелік басым. Шектен тыс қолдау көреді. Ол бала қандай болады еш шектеу көрмегеннен кейін, не істесем де өзім білемін деу балаға қиынға түседі. Ең алғашқы дағдарыс кезеңі балабақшаға барғанда ғой. Сол кезде бейімделу кезеңі жағымсыз өтеді. Ол балаға біршама қиындық тудырады. 1 сыныпта, 5 сыныпта бейімделу кезеңі өтеді. Орта буынға ауысу кезеңі. Ал 9 сыныпта мамандық таңдау кезеңі туады. Сыныптарға бөліну кезеңі. Бұл да қиындық тудырады. Сол сияқты баланың өмірінде дағдарыс кезеңдері көп болады. Либералдық тәрбиені көрген балаға көп қиындық тудырады. Коммуникативті қарым-қатынасы, мұғаліммен түсінісуі, осы жағдайда баланың дамуында гиперактивті бала болса ата-анадан қой деген тәрбие көрмеген бала болса онда оңай болмайды. Бұл жерде психологтың кеңесіне келеді амал жоқ. Арнайы бұйрық бойынша профтексерулер бар. Соған келгенде ата-ана «мына балам еш тыңдамайды. Мұғалімдерін тыңдамайды. Бұзық. Бар жағдайын жасап жатырмыз» дейді. Төртінші тәсіл, ол балаға шектеу мен либералды бірге қосқандағы тәсіл, шектеу де қойылады, босаңсытып та жібереді, яғни орта тәсіл бар. Кейде осы тәсілге қосымша тәсілде ата -ана балаға еш қызықпайды. Бір ата -аналар «балама көңіл бөле алмай жатырмын. Кешке дейін жұмыстамын» дейді. Бәріміз де жұмыстамыз. 24 сағат бойы баланың бетіне қарап отырудың қажеті жоқ. Кешкісін балаға екі сағат көңіл бөлу жеткілікті. Бұл тәсіл ата-ана өз проблемасымен өзімен өзі болады. Басқа жағдайлармен басы қатып жүріп баланың қызығушылығына көңіл аудармайды. Ондай балалар компьютерде көп отырады. Бала жауап қату үшін ата-ана жауапты болуы керек.
— Мектептен келген балаға «апайың сені ұрған жоқ па, ұрысқан жоқ па?» деп сұраймыз. Мұғалімін жамандауы дұрыс па?
— Бала мектептен келгенде ата -анасына шағым айтады «апай маған дұрыс баға қоймады, анау бала ұрды мені» деп. Сонда ата-ана «ол қандай мұғалім, ол қай бала сені ұрған, сөйлесемін» дейді. Екіншісінде «сен өзің кінәлісің» дейді. Екеуінде де баланың өміріне алып келетін кері әсерлері бар. Біріншісінде бала кінәні өзгелерден іздейді. Ол ашушаң болады. Екінші тәсілде кінәні өзінен іздейді бәріне өзім кінәлімін дейді. Үшіншісінде «анашым, мен ашуланып тұрмын, жек көріп тұрмын» дейді. Мұндайда «Балам мен сені көріп тұрмын, ия оңай емес» деп түсіндіру керек. Бірігіп тыңдау қажет. Оның сезімдерін тыңдай білу керек. Кейбіреулері «өйтіп таста, бүйтіп таста» дейді. Баланың өмірлік тәжірибесі жоқ қой. Бала оны дұрыс деп қабылдап қалады.
— Бала ашуланған кезде міндетті түрде біреумен салыстырамыз, «пәленшенің баласы сондай» деп бұл қаншалықты дұрыс?
— Бұл мүлдем дұрыс емес. Салыстырғанда баланың бойында өзінің бір жағымсыз ерекшеліктер пайда болады. Баланың бойында көп нәрсе тума бітпейді ғой. Баланың біркелкі мінез құлқы болып, лидер болу, аутсайдер болу тәрбие барысында қалыптасатын дағды. Ата-ана үнемі салыстыра берсе бала ойлайды ғой «басқа балалар ғана дұрыс, менде жағымды қасиет жоқ. Ата -анам мені жақсы көрмейді» деген. Сондықтан да салыстыру дұрыс емес.