«Бала тәрбиесі бесіктен басталады» – Түктібаевтар отбасының ұстанымы

217

«Отбасы тарихы» репортаждар сериясы енді мерейлі жанұяның тарихымен таныстырады. Еңбекші ауданының мерейлі отбасының отағасы Ермұханбет Түктібаев пен оның жары Құрманайым Мамешованың шаңырақ көтергеніне 47 жыл болған. 2 ұл 5 қызды тәрбиелеп өсірген ерлі-зайыпты 16 немере 3 шөберенің бақытты ата-әжесі.

Түктібаев отбасының отағасы ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен. Ермұханбеттің ендігі арманы ұрпағының да өз жолын қууы. «Бар байлығым балаларым» деген отағасы ұрпағының жетістігімен мақтанады.

Отбасындағы ананың рөлін түсіндірген Құрманайым Мамешованың мамандығы дәрігер. Ақ халатты абзал жан ана ретінде көбірек қыз тәрбиесіне басымдық бергенін айтады. Ол кез – келген ұлттың құндылығын сақтау қыз тәрбиесіне тікелей байланысты екенін түсіндірді. Отанасы қыздарын әдет ғұрып және салт дәстүрді сақтаудан бөлек қолөнерге көбірек баулыған.

Бала тәрбиелеп, немере сүйіп, шөберенің қолынан май жалап отырған бақытты ата-әженің жас жұбайларға айтары бар. Сөздерінше отбасы тыныштығы сыйластық пен махаббаттан бөлек бала тәрбиесіне тіклей байланысты.

Мерейі тасыған Түктібаевтар жанұясының айтқанынан түйгеніміз шаңырақ биік, босағаның берік болуы тәрбиеге тікелей байланысты. Бала тәрбиесіне кеш қалмаған жерде бақыт мәңгіге тұрақтамақ.

Жанерке Хумар