«Несиеңді жауып беремін…»

353

Алаяқтықтың түр-түрі гүлденіп тұр бүгінде. Оңай жерден олжа табуды көздеген бір пысықай тұрғындарға несиеңізді жауып беремін деп «аузын айға қаратып» кеткен. Микроқаржы ұйымында жұмыс істейтін ол клиенттерге 16 мыңнан бастап 100 мың теңгеге дейін несие рәсімдеп отырған. Содан кейін басқа да несиелеріңді пайызсыз жауып беремін деп уәде еткен.

Ол үшін өзінің атына ашылған банк есеп шотын берген. Соған ақша аударылған соң тайып тұрған. Күдіктінің 15 алаяқтық ісіне қатысы бары анықталып отыр. Әл Фараби аудандық ІІБ ондаған жәбірленуші хабарласқан. Алаяқтың індетіп ізіне түсіп ақыры қақпанға түсірді.

Ол 1985 жылғы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Клиенттерге келтірген зияны жарты миллион теңгеден асып отыр. Бүгінді алаяқтық бабы бойынша үстінен іс қозғалды. Күдікті қамауда.