Қара халықтық қалтасын қаққан күдікті ұсталды. Ол Алматы қаласында тұратын, шетелдік азамат болып шықты. Ресми мәліметке сәйкес, күдікті серіктестерімен бірге жәбірленушілерге қоңырау шалып, өздерін банк немесе мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде таныстырған. Мұнан соң, психологиялық қысым көрсету арқылы азаматтарды ақшаларын «қауіпсіз шоттарға» аударуға көндіріп отырған.
Соның салдарынан тұрғындар жинақтарынан айырылған. Тексеру барысында киберполицейлер, ұрланған қаражат аударылған шоттарды анықтады. Олар Алматыда оқитын төрт шетелдік студенттің атына рәсімделген. Бұл шоттар қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, әрі қарай аудару үшін пайдаланылған.
Қазіргі таңда алаяқтықтың үш жайтына қатыстылығы анықталды. Келтірілген жалпы шығын шамамен 8 миллион теңгені құрайды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полиция азаматтарды мұқият болуға шақырады: бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеңіздер, оларлың нұсқауымен қаржылық операциялар жасамаңыздар. Банк қызметкерлері мен мемлекеттік органдар ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейді.
Қазіргі таңда күдіктлерге қатысты үш факті тіркеліп, іс-құжаттар сотқа жолданды. Ал, ұйымдасқан топтың мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Нұргүл Жолымбетова






