Шымкентте тондар жәрмеңкесі жалғасып жатыр

160

Шымкентте тондар жәрмеңкесі жалғасып жатыр. Әл-Фараби сауда үйінде — Ресейдің Пятигорск қаласында тігілген, бұлғын терісінен бағалы тондардың кең таңдауы бар. Фабрика өкілдері әр сатып алушыға жеңілдіктер жасайды. Ендеше, сапалы әрі бағасы қол жетімді тауарлардан сіз де құр қалмаңыз.

Ресейдің Пятигорск қаласы қымбат бағалы аң терілерінен тігілген өнімдерімен белгілі. Әлемге әйгілі бренд тауарлар ұсынылған жәрмеңкеде тондардың кез-келген түрін табуға болады. Елден ерекше киінетін сәнқойлардың таңдауы экслюзивті стильдегі сырт киімдер де табылады. Қырықпа және бояма ешкі терісінен тігілген тондарды да шертіп жүріп таңдап аласыз. Мутон, яғни, Австралия қойының терісінен тігілген тондар мен құндыз ішіктердің де түр-түрі осында.

Көбіне көлікте жүретін Галия Загидулина жеңіл әрі ыңғайлы тондарды қарап шықты. Бұл стильдегі сырт киімдер күнгейдің ауа райына да қолайлы дейді ол. Қысқа тондар мен жилеттердің ішінен ол қаракөл терісінен жасалған мына ішікті сатып сатып алды.

Көрмеге келсеңіз сатушылар тамаша таңдау жасап, сәнді киіне білуге көмектеседі. Кез-келген тауарды несиеге алып, ақысын бөліп төлеуге де мүмкіндік бар. Енді сапалы ішік сатып алу үшін шетел асу міндетті емес. Сіз баратын жер — Темірлан тас жолындағы Әл-Фараби сауда үйінің зергерлік бұйымдар залы.