«Шубамания» тон жәрмеңкесі жалғасады

554

Шымкентте тондар жәрмеңкесі жалғасуда.»Шубамания» көрмесі жерлестерімізге құндыз бен түлкі жағалы бағалы тонның алуан түрін ұсынады. Ал ер-азаматтар сүйіктілеріне әлемдік дизайнерлердің эксклюзивті тондарын сыйлап, қуанта алады. Асығыңыздар! Жәрмеңке 18-ақпанға дейін ғана жалғасады.

"Шубамания" тон жәрмеңкесі жалғасады

Биыл түрлі аң терілерін қиюластырып тігілген ашық түсті тондар сәнге айналған. Соңғы үлгідегі сырт киімдерді «Шубамания» жәрмеңкесінен таба аласыз. Көбіне қара құндыз, бұлғын өнімдеріне сұраныс мол. Мұндағы сырт киімдердің бағасы нарықтан едәуір арзан. Жүргізуші әйелдерге арналған қысқа тондар да сұранысқа ие.

Сәуле Оспанова, қала тұрғыны: «Телеарнадан жарнаманы көріп келдім. Әрине, таңдау оңай емес. Тондар көздің жауын алады. Соның ішінен өзіме ұнағанын таңдап алдым. Қуанышымда шек жоқ. Меніңше, әрбір қыз-келіншектің бір сапалы сырт киімі болуы керек.»

"Шубамания" тон жәрмеңкесі жалғасады

Бірінен-бірі өтіп, көздің жауын алатын тонның ішінен таңдау жасау да оңай емес. Сәнқойлар эксклюзивті үлгідегі киімдерді бірден алуда. Сондай-ақ бас киімдерге де таңдау кең. Мұнда әр тұтынушыға ерекше көңіл бөлінеді. Кеңесшілер сапалы өнімді таңдауға көмектеседі. Көрмеге ұзын-қысқа, ашық қою түсті, бұлғын-сусар терісінен тігілген тондардың түр-түрі бар. Сапалы өнімдерге 40 пайызға дейінгі жеңілдіктер қарастырылған.

Никита, кеңесші: » Шымкенттіктерге ұтымды ұсынысымыз бар. Сатып алған әр тонға 10 пайыздан 40 пайызға дейін жеңілдіктер жасаймыз. Тіпті, несиеге немесе бөліп төлеуге де болады. Сондықтан, асығыңыздар.»

Ендеше, мүмкіндігіңізді мүлт жібермеңіз. Тондар жәрмеңкесі Темірлан тасжолы, «Әл Фараби» сауда кешенінде 18 ақпанға дейін жалғасады.

Гүлжан Байназарова