Құндыз ішіктер жәрмеңкесі ашылды

824
Тондар жәрмеңкесі

Шымкентте тон жәрмеңкесі өтіп жатыр. Онда кұнды құндыздар мен түлкі жағалы тондардың түр-түрі бар. Табиғи ішіктерден жасалған жоғары сапалы тауарлардың мың данасы саудаға түсті.

Бірінен бірі өтіп, көз жауын аларлық алуан тонның ішінен таңдаулысын алу да қиынның қиыны. Бұл ретте жерлесіміз Фариза Смаилова дизайнер кеңесіне жүгінді. Мамандар биыл түрлі аң терілерінен қиюластырып тігілген тондар мен ашық түсті ішіктердің сәнге айналғанын айтады. Талдырмаш аруға көгілдір түсті қысқа тон да құйып қойғандай жараса кетті. Дегенмен, кірпияз клиент соңғы сән үлгісіне таңдау жасады.

Тондар жәрмеңкесі

Айрықша тәсілмен тігілген қарақұндыз, түлкі жағалы ішіктердің түр-түрі осында. Шымкенттіктерге бұл тондардың сапасы да, бағасы да ұнады. Зауыттан тікелей жеткізілген сырт киімдердің бағасы нарықтағы өнімнен едәуір төмен. Мутон, яғни, австралия қойының терісінен тігілген тондар да сәннен қалмайды. Жүргізуші әйелдерге арналған қысқа тондар да сұранысқа ие. Сәнқойлар эксклюзивті үлгідегі киімдерді бірден талап алуда.

Артем Игнатьев, көрме әкімгері: «Тондардың барлығы Пятигорск қаласындағы әйгілі фабрикада тігілген. Классикалық, эксклюзивті үлгілердің таңдауы кең. Биылдың сәнді ішіктерін де көптеп алып келдік. Бағасы да қолжетімді. Классикалық және сәнді ішіктердің де таңдауы кең.»

Ендеше, мүмкіндігіңізді мүлт жіберіп алмаңыз. Тондар жәрмеңкесі «Әл Фараби»сауда кешеніндегі зергерлік орталығында 7 ақпанға дейін жалғасады.