Банк тонап, байымақ болған азамат сотты болды. Өткен жылдың тамыз айында Шымкенттегі «Каспий банк» бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасап, ірі көлемде ақша қолды еткен сотталушыны сот үкімімен 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Оған ҚР ҚПК-нің 192-ші бабының 4-ші бөлігі, 2-ші тармағымен, 287 бабының 3-ші бөлігімен айып тағылып отыр.
ОҚО мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған сотталушы кінәсін толық мойындаған. Екінші тарап «Каспий банк» АҚ сотталушыдан 6 млн 373 мың 744 теңге өтемақы талап етуде. Айта кетейік, сотталушы Алматы қаласында да аталған банкке шолақ мылтық қолданып қарақшылық шабуыл жасап, 4 млн 319 мың 753 теңгені ұрлап кеткен. Ал Шымкенттегі банк бөлімшесіне қарақшылық шабуыл кезінде жарылғыш қалта пайдаланған. «Каспий банк» АҚ Шымкент бөлімшесінен 24 млн 643 мың 215 теңге қолды еткен.