Түркістанда «Ислам және Ұлы дала мәдениеті» тақырыбында конференция өтіп жатыр

500

Қазақстаннның түкпір-түкпірінен келген имамдар, теолог-ғалымдар Түркістан қаласына жиналды. Бүгін осындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Ислам және Ұлы дала мәдениеті» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.

Конференцияны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырды. Басқарманың төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың айтуынша бұл жиын халықтың діни сауаттылығын арттыруға арналыпты. Биыл муфтият бастамасымен көптеген діни-ғылыми талқылаулар ұйымдастырылады екен.

Бәрі де рухани біртұтас қоғам құруға, жастардың діни көзқарасы радикалдануына жол бермеуге бағытталады. Ал, оның өзегі Яссауи шығармалары болмақ. Басқосу ертеңге дейін жалғасады. Конференция аясында барлық келушілер Ахмет Яссауи кесенесіне барып, зиярат етеді.

Жәнібек Нұрыш