ОҚО ІІД әкімшілік полициясы қызметкерлері 2018 жылдың басынан бері, яғни 20 күннің ішінде азаматтардан 8 заңсыз қаруды тәркілеген.

Мәселен, Түркістан қаласында ІІБ қызметкерлері жергілікті тұрғынның 16-шы калибрлі аңшылық қаруын заңсыз сақтағанын анықтаған.

Тәртіп сақшылары құжаттары жоқ аңшылық қаруды тәркілеп, сараптамаға жіберген. Бүгінгі таңда 287 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.