Бұрын сотты болған азаматтан шолақ мылтық тәркіленді

153

 

Қазығұрт АПБ-не кешкі 21:40 шамасында белгісіз адам қару ұстап жүргені туралы хабарлама келеді. Қазығұрттық полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеді.

Қазығұрт АПБ-нің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті азамат моншаның алдында тұрған жерінен ұсталды. Қару еш жерге тіркелмеген заңсыз болып шықты. Сондай-ақ шолақ қару «LADA» көлігінің оң жақ қауіпсіздік белбеуінің жанынан табылған. Күдікті ер азамат көлік иесінің танысы болып шықты.

Сонымен қатар шолақ мылтықтың жанында 12 калибрлі оғы болғаны анықталды. Күдікті бұрын сотты болған. Бүгінгі таңда күдікті азамат қамауда. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің жиналған материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға атыс қаруын қолданумен қылмыс жасағаны, сондай-ақ атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі