Әлия Назарбаева «Ұстазды іздеу» деректі фильмінде өз балаларымен қарым-қатынасындағы сезімтал бір жайтты әңгімелеп берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Фильм Youtube каналында пайда болды. Ол ұстаздың балалар өміріндегі рөліне арналған. «Мектептеріміздегі ұстаздардың өздері құрметті тұлға, құрметті адам болғаны өте маңызды. Әйтпесе, берген білімі бір басқа, үйге келіп жасаған әрекеті бір басқа болуы мүмкін. Балалар мұны сезеді және сол үшін тыңдамайтын болады.
Ал егер, ұстаздың ойы мен әрекеті бір болса, ондай ұстаз сүйікті болып, олар пәнді жақсы көріп, қалайтын (оқуды — Авт.) болады. Айтады ғой, сүйікті пәндер дегеніміз, сүйікті педагог, мұғалім, ұстаз бар жерде деп», — деді Назарбаева. Оның айтуынша, көптеген ата-ана баласының мінезін тәрбиелеуі керек. «Олар мұның барлығын мектептің, ұстаздың мойнына артып қояды. Олардың да қолынан бұл жақсы келе бермейді. Себебі ұстаздар білім ғана береміз, қалғанының барлығын ата-ана үйде істеуі тиіс деп есептейді. Ақыры бала оны не ана жерде, не мына жерде ала алмайды. (…)
Бізде қазір жеке мектептер ашылып жатыр: ағылшын мектебі, америкалық, неміс мектебі. Сөйтіп бала қазақ атпен, немістік менталитетпен бітіріп шығады. Негізі біздің патриотизмді дамыту керек. Отанға, өз еліне деген махаббат, онымен мақтануы тиіс. Бір нәрсе ендіріп, арттыру ниеті болу үшін. Бұл маңызды», — деді ол. Деректі фильмде 2013 жылдан бері елімізде Марина Таргакованың басшылығымен Гуманистік педагогика орталығының жұмыс істеп жатқаны айтылады. Ал 2018 жылы Астанада Әлия Назарбаеваның қолдауымен Гуманистік педагогика мектебі ашылады. «Бұл мектепте ата-аналар университеті болады, балалар да, олардың ата-аналары да қосымша білім алады», — деді Назарбаева. «Үлкен қызыммен әңгіме болды. Мен одан өмірімде бірінші рет кешірім сұрадым. Мен айттым: «Қызым, ана да қателеседі. Кешірші мені, өтінемін». Ағыл-тегіл жыладық. Мен де жыладым, ол да жылады.
Осыдан кейін ішімде бір нәрсе еріп кетті. Біздің қарым-қатынасымыз жақындай түсті. Мен оған айттым, егер мен дұрыс айтпасам немесе кіші інілеріңе, сіңлілеріңе қатысты дұрыс әрекет жасамасам, сен де маған кеңес бер дедім. Саған, сырт көзге жақсы байқалады ғой. Бірге тырысып көрейік. Көрдің бе, мен де жақсы ана болуды үйреніп жүрмін. Менің ойымша, бұл тамаша процесс, ол өте терең, ішкі сезім. Сен ішкі сезімді сезінген кезде өзгере бастайсың және сені қоршаған әлем, өз жақындарыңнан бастап жақсы жағына қарай өзгереді», — деп сөзін аяқтады Назарбаева.