Басқосуға бапкер өзімен бірге шәкірттерін де ертіп келді. Олар Біржан Жақыпов, Қайрат Ералиев және Еркебұлан Шыналиев.
Қаладағы Ыбырай Алтынсарин атындағы № 65 мектеп-гимназиясында өткен кездесуде спорт шебері тәжірибесі туралы әңгімелеп, алға қойған мақсатымен бөлісті. Сондай-ақ, жас боксшылардың дайындығын тексеріп, оларға жаттығу өткізді.
Мұндай кездесулер балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырары даусыз. Солардың бірі — Абзал Серік. Ол жақында Екібастұзда өткен жасөспірімдер арасындағы Казақстан чемпионатында 54 кг салмағында 1 орын алған. Жасы енді 14-ке толған спортшы ақпаннаң 10-нан бастап тыңғылықты дайындыққа көшеді, ал наурыздың 5-і күні Венгрияға жол тартады. Абзалдың ендігі мақсаты — ұлттық құрама сапына іліну.
Сарбиназ Алдабергенова