«Қой терісін жамылған қасқыр»… Сайрам аудандық сотында ауыл мешітінің бұрынғы имамына қатысты сот процесі өтіп жатыр. Уағызбен елді ұйытып жүрген имам сонымен қатар терроризмді насихаттаумен де айналысқан.
Ақыры арам ісінің аяғы көрініп қалып әділ соттың құрығына ілікті. Оған ҚР ҚК 256 бабының 2-ші тармақшасы бойынша айып тағылып отыр. Сайрам аудандық сотының төрағасы Берік Тыныбековтың айтуынша жыл басынан бері бұл әлеуметтік, ұлттық, рулық, діни алауыздықты туғызу мақсатында тергеліп жатқан 9-шы адам.
Адалдықтың, әділдіктің дәнін сеуіп, адамдардың жүрегіне иман сәулесін түсіруі тиіс дін жолындағы адамның теріс әрекеті осылайша әшкере болып отыр.