Шымкентте діни радикалдар ұсталды

Шымкентте діни радикалдар ұсталды. Жүргізілген арнайы операция туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, жедел уәкілдер терроризмді насихаттады және қаржыландырды деп күдіктелген үш адамды ұстап, қамауға алған. Күдіктілер Елордада және Ақтөбе облысында да анықталды.

Іс бойынша терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру және Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік баптары бойынша тергеу басталды.

«ҰҚК 2024 жылғы 20 және 24 қаңтарда прокуратура және полиция органдарының жәрдем көрсетуімен Астана, Шымкент қалаларында және Ақтөбе облысында діни радикалдар әрекеттерінің жолын кесу бойынша операциялар өткізді. ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі және 258-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды«,- деп мәлімдеді ҚР ҰҚК ресми өкілі Аркен Абдуғали.