Шымкентте топырақ жол болмайды

583

Шымкент қаласының әкімі Н.Сауранбаев есеп беру барысында 2017 жылы шаһарда 91 көше күрделі және орта дәрежеде жөнделіп, 12 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынғанын айтып өтті.

Қазіргі таңда қала аумағында жалпы ұзындығы 1506 шақырым жолға асфальт төселген, 1080 шақырым тас, 296 шақырым топырақ жол бар. 2018 жылы бюджеттен ұзындығы 15 шақырым болатын магистралды 8 көшенің құрылысына 5,3 млрд теңге бөлінеді. Сонымен қатар 136 шақырым ішкі орам жолдарын жөндеу жоспарланды.

Биыл Бекжан базары аумағындағы жол өткелінің құрылысын аяқтау және Бадам өзені үстінен өтетін автожол көпірін қайта құру жоспарланған. Ұзындығы 119 шақырым жолдың құрылысы және 27 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салуға  жобалық-сметалық құжаттар дайын. 128 ішкі орам көшесін жөндеу жоспарланып отыр.

shymkent.gov.kz