Шымкентте алғаш рет топырақ жолға эксперимент жүзінде жол салынды

23

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес, қалада алғаш рет топырақ жолға суық ресайклерлік өңдеуден кейін тұтас эмульсиялық минералды қоспасының 2 қабатын төсеу тәжірибесі қолданылды. Жол эксперимент жүзінде 400 метр қашықтықта Таңбалы тас көшесіне салынды.

Қала басшысы жаңа технология бойынша салынған жолдың сапасын тексерді. Жауапты мамандардың сөзіне сүйенсек, әзірге эксперименталды жолдың сапасы жақсы. Егер қыс мезгілінде мәселе туындамаса, бұл жаңа әдісті қаладағы барлық топырақ жолға қолдану жоспарланып отыр.
Қала әкімі шалғай аудандарда топырақ жолдарға осы әдісті қолдану тұрғындардың жайлы жүріп-тұруын қамтамасыз етудің уақытша шешімі екенін алға тартып, қаладағы топырақ жолдың бәріне кезең-кезеңімен асфальт төселетінін жеткізді.