ОҚО-да полицейлер «Автобус» жедел алдын-алу іс-шарасы барысында шамамен мыңнан аса жол ережесін бұзушылықты анықтады. Еске салсақ, 2018 жылдың 22 қаңтары мен 18 ақпан аралығында ОҚО аумағында ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі қызығушылық танытқан қызметтермен бірлесе отырып, «Автобус» жедел алдын-алу іс-шарасын өткізуде.
Сонымен, «Автобус» жедел алдын-алу іс-шарасы барысында полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілерімен ҚР Жол көлік ережесін бұзған 969 құқықбұзушылықты анықтады. Соның ішінде зиянды қалдықтармен экологиялық нормалар мен қағидаларды бұзудың 10 жайты анықталды.
Сондай-ақ, екі автобус паркінің өкілетті тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыптұраққа орналастырылды.
Жергілікті полиция қызметінің айтуынша 18 ақпанға дейін болатын «Автобус» жедел алдын-алу іс-шарасы барысында ОҚО ІІД ЖПҚ мен ӘПБ-ның жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Мұндай іс-шаралар жол-көлік апаттарының санын төмендетуге, қоғамдық көлік жүргізушілерімен орын алатын жол ережесін бұзушылық жайттарын болдырмауға септігін тигізетінін айтады.