Мас күйде рөлге отырғандар жүргізуші куәлігі үшін 8 жылға дейін емтихан тапсыра алмайды

4
Фото: Отырар.кз

Енді жүргізуші куәлігі болмастан, масаң күйде көлік тізгіндегендер де 8 жылға дейін аталған құжатқа қол жеткізе алмайды.

Жауаптылар сөзінше, енді мұндай заңбұзушылыққа барғандар жәй ғана әкімшілік қамаумен шектелмейді. 7 жыл көлемінде жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыруға мүмкіндік берілмейді.

«Көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін немесе масаңдықты тексертуден жалғарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдарға сәйкесінше 7 және 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығын алу туралы емтихандарын тапсыруға тыйым салынады», — дейді Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы Евгений Больгерт.

Айта кетейік, жаңа өзгерістер Сенат отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдау кезінде белгілі болды.