ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі экологиялық қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында ағымдағы жылдың 14 мен 17 наурыз аралығында «Табиғатты қорғау» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты табиғатты қорғау заңнамаларындағы құқықбұзушылық пен қылмыстарды анықтау. Полиция мен табиғатты қорғау инспекторларының ішінде 40-тан астам жедел топ рейдтік іс-шараға ат салысып, заңсыз аң аулау мен басқа да құқық бұзушылықтарды анықтады.
Сонымен, «Табиғатты қорғау» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен 8 экологиялық қылмыс анықталды, оның ішінде ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу және зақымдаған 7 жайт. Сонымен қатар, рейдтік іс-шара кезінде полиция қызметкерлері 100-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықтаған, олардың ішінде 29 құқықбұзушылық заңсыз аңшылық және аңшылық ережесін бұзғаны үшін, 44 жайт балық аулау ережелерін бұзған және 20-дан астам жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау қағидаларын бұзған.
Тәртіп сақшылары құқық бұзушыларға қатысты сомасы жарты миллион тенге айыппұл салды. Айта өтсек, ОҚО ІІД ЖПҚ-нің табиғатты қорғау полицейлері табиғатты қорғау заңнамаларындағы құқықбұзушылық пен қылмыстарды анықтап, алдын алу мақсатында үнемі қажетті іс-шаралар өткізіп тұрады.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы