Ақша мен алтын ұрлағандар ұсталды

583

Еңбекші полиция бөлімінің қызметкерлері ақша мен алтын бұйымдар ұрлаған үш күдіктіні ұстады. Олар 30 жастағы ОҚО Төлеби ауданы мен Шымкент қаласының тұрғындары.

Тәртіп сақшылары анықтағандай ақпан айының соңында жас жігіттер Шымкент қаласы тұрғынының үйіне терезе арқылы кіріп, 1,5 миллион теңге тұратын алтын бұйымдары мен ақшасын ұрлап кеткен.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1991, 1993 және 1994 жылы туылған 3 күдіктіні ұстады. Қазіргі таңда ұрлық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.