Шымкентте автоматты түрде жұмыс істейтін әжетхана бұрын соңды болған емес. Ерекшелігі сол әжетхана автоматына жүз теңге салсаң есігі бірден ашылады.

Бұл автоматты түрде жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы әжетханалардың бірі. Ерекше дәретхана ең алдымен Шымкентте ашылып отыр. Қызығы сол ақылы әжетханада кассир жұмыс істемейді. Яғни, жүз теңге саласың, есіктің өзі автоматты түрде ашылады. Әлеуметтік желіде таралып кеткен ерекше әжетхананың видеосы көпшіліктің қызу талқысына түсті.

«Мынаған жүз теңге саласың, есік ашылады. Мына жақта ерлердікі, ал арғы жағында әйелдердікі. Жүз теңге салсаң кіресің, жүз теңге салмасаң… жібересің», – деп видео авторы қалжыңдауда.

Әлеуметтік желідегі видеоны тамашалағандар автоматты түрде жұмыс істейтін әжетханаға таңқалыстарын білдірді. Ал кейбірі шымкенттіктер үшін әжетхана құнының жүз теңге болуы қымбат дейді.