Шымкентте балмұздақтан 23 адам уланып қалды

1265

Шымкентте балмұздақтан бірден 23 адам уланып қалды. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына соңғы екі тәулікте 23 адам осындай диагнозбен шағымданып, стационарлық ем қабылдап жатыр. 28 наурыз күні 3 адам, 29 наурыз күні 20 адам шағымданған.

Балмұздақтан уланғандардың жас шамалары 5  пен 18 жас арасы. Төртеуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Олар 5-6 жасар екі бүлдіршін мен 17-18 жас шамасындағы екі жасөспірім. Барлығының диагнозы: өткір ішек инфекциясы. Ата — аналардың сөзіне қарағанда балмұздақ сататын дүңгіршек «Мороженое Южное» деп аталады. «Қиял әлемі» саябағының маңында орналасқан. Кейбір мәліметтерге сәйкес, бұл дүңгіршек бүгінде жабық тұр.