Оқушылардың жаппай улануынан кейін тағам тасымалдаған компания қызметінен шеттетілді

63
фото Бақ.кз

Республикалық олимпиадаға қатысқан оқушылар жаппай уланып, ауруханадан бір ақ шықты. Астан уланғандарға дәрігерлер жедел ішек инфекциясы диагнозын қойған. Сондай-ақ  олимпиадаға келген оқушылардың арасынан желшешек- вирустық ауруына шалдыққан науқас та анықталды. Бұл оқыс жағдайдан кейін жауапты басшылар оқу орнында тағамды жеткізумен айналысатын компанияны жұмыстан шеттетті.

2023 жылдың 22 наурызында таңғы сағат 05:30-да М.Х.Дулати көшесіндегі жатқаханалардың бірінен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына  15 бала  жеткізілген. Аурухана дәрігерлері науқастарды қабылдап, шұғыл түрде медициналық көмек көрсетті. Белгілі болғандай 14 оқушыда жедел ішек инфекциясы және  бір науқаста  желшешек- вирусы анықталған.

Инна Глазебная, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы: «Науқастарда ауруханаға түскенде дене қызуы көтеріліп, құсып, бас айналу белгілері болған. Дәрігерлер науқасатарға шұғыл көмек көрсетіп, диагнозын нақтылады. Сондай-ақ, 22-наурыз күні   Дулати көшесіндегі жатақханадан жедел медициналық жәрдем бригадасы арқылы  «желшешек ауыр дәрежедегі бөртпе кезеңі» диагнозымен бір науқас жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды».

Оқушылардың жаппай улануына байланысты санитар дәрігерлер үш асханадан сынама алып, тексеру жұмыстарын жүргізуде. Белгілі болғандай, бұл республикалық олимпиадаға барлығы 891 оқушы қатысып жатыр. Оқыс жағдайдан кейін ауруханаға түскен 15 оқушы олимпиаданың екінші турына қатыса алмайді дейді мамандар.

Гаджамбек Тұрсынов, «Дарын» ресапубликалық ғылыми-практикалық орталығының директоры: «Әр өңірден жетекшілердің басқаруымен оқушылар  келеді. Олар денсаулығына жауапты болғандықтан, бірге  жатақханаға жатады. Осы мәселеге байланысты штаб құрылып, анықтау жұмыстары жүргізілуде. Осы жағдайда қатерлік жібергендер жазаланады».

Оқушылардың жаппай улануынан кейін  олимпиада ұйымдастырушылары оқу орындарына тағамды жеткізуші мекемені қызметінен шеттетіп, өзге компаниямен жұмыс істеуде. Ал  шаһардың санитариялық-эпидемиологиялық қызметі оқыс жағдайға байланысты тиісті сынамалар алғанымен, қорытындысын  әзірге жариялаған жоқ.

Лаура Нахыпқызы