Шымкентте екі жасар бала белгісіз жағдайда жоғалып кетті. Оқыс жағдайға байланысты Алинұрдың жақындары көпшіліктен көмек сұрап отыр. Балақай қаладағы Гагарин көшесіндегі тойханалардың бірінен шығып, із түссіз жоғалып кеткен.

«Екі жасар Алинұрды анасы әкесіне жіберген. Бала тойханадан шығып кетіпті. Біз байқамай қалдық. Арада бес минут та болған жоқ.Шығып қарасақ Алинұр жоқ. Біздің ойымызша баланы көлікпен ұрлап алып кеткен. Өйткені сол маңайдағы өзен суларды тексеріп шыққан құтқарушылар ешнәрсе таба алмады» – дейді Айгерім Ерманова.

Жақындарының сөзінше, Алинұрдың сол жақ бетінде тыртығы бар. Егер бұл балақайды көрген білгендер болса 87710778000 нөміріне хабарласса болады.