Шымкентте 2 жасар бүлдіршін табылды

405
24.кз

Шымкентте 2 жасар бала табылды. Қараусыз қалған қыз баланы Әл Фараби аудандық ішкі істер бөліміне алып келген. Әкелгендердің кім екені белгісіз. Тәртіп сақшылары тез арада аудандық ІІБ-не жедел жәрдем шақыртқан.

Мамандар оны балалар ауруханасына алып кетті. Дәрігерлер консилиум жасаған. Кішкентай сәбиден ешқандай ақау байқалмапты. Бала ата-анасынан адасып қалды ма, әлде әдейі тастап кеткен бе ол жағы белгісіз. Қазір балалар үйінде, ата – анасы табылғанша сол жерде болады.

Лаура Нақыпқызы