Түркістанда «Ұлттық әшекей жауһарлары» көрмесі ашылды

989

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және ОҚО Тарихи-мәдени этнографиялық орталығының бірлесуімен «Ұлттық әшекей жауһарлары» көрмесінің ашылуы өтті.

Көрме экспозициясына «Әзірет Сұлтан» қорық-музей қорынан 50-ден аса ХІХ ғ. жататын белдік, бойтұмар, алқа, жүзік, моншақ, білезік, сырға, шолпы, әшекей сынды этнографиялық көзтартар құнды жәдігерлер қойылып, көпшілік назарына ұсынылды.

 

 

Көрменің тұсаукесерінде «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының орынбасары Ғани Искаков экспозицяға қойылған құнды жәдігерлер жайлы айта келіп, тарихи маңыздылығы мен мәні жəне маңызына тоқталды. Барша қонақтар мен мекеме қызметкерлерін шымылдығы түрілген көрмемен құттықтаған директор орынбасары мазмұнды мәдени шаралар екі мекеме арасында әлі де жалғасын табатындығына сенім білдірді.

Көрменің ашылуына музей қызметкерлері, колледж студенттері мен оқытушылары, мектеп оқушылары және қала қонақтары қатысты.

«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.