Түрмелер халықаралық стандартқа сай болады ма?

673

Қылмыс жасағандар да қоғамның бір мүшесі. Олардың да өз құқықтары қорғалуы тиіс. Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде қоғамдық бірлестіктер тарапынан ұдайы тексерістер жүргізіліп тұрады. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінде өткен ғылыми конференцияда осы тарапта ауқымды мәселелер қаузалды.

«Қылмыстық атқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдың заманауи технологиялары, ресурстары және механизмдері». Ғылыми конференцияда аталмыш тақырып талқы таразысына салынды. Бұдан бөлек департамент пен «Халықаралық түрме реформасы» ОҚО өкілдігі бірлесе өткізген түрмелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері талқыланды.

Нұрлан Нарқабұлов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы: “Статисктикалық органдардың мәліметтеріне сәйкес 2013 жылдан бүгінге дейін қылмыстық атқару жүйесінде 9 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қылмыстық кодекстің 190 бабы бар алаяқтықтан бөлек, соны зерделеп шыққан кезде 5-6 қызметкерлері жартысынан көбі пробация қызметкерлері болып отыр.

Бұл жерде бір ақ мәселе пробация қызметінде жазасын өтеушілермен тікелей қатынас болуда. Яғни, пробация қызметкерлері үйіне барып, тексеру керек, жазасын өтеушілер белгілі бір мерзімде тіркеліп тұруы керек. Сонда полиция қызметкерлері мен жазасын өтеушілер арасында тікелей байланыс болады. Соны азайтса деушілер бар. КУИС қызметкерлерін жұмысқа қабылдағанда сауаттылығын, адалдығын басқа да критерилер бойынша тексеріп қабылдаса дейміз”.

Мамандар түрмелер, колониялардың бәрі халықаралық стандарттарға сай болса дейді. АҚШ-та түрмелердің 20-30 пайызы жеке компанияларға берілген. Өкімет сомалар бөледі, мойнына міндет жүктелген компаниялар жазасын өтеушілерді қамауда ұстап, қадағалап отырады. Ал Францияда қоғамдық бірлестіктер кез-келген түрмелерді тексеруге құқылы. Бұл жазасын өтеушілердің құқығын қорғауда септігін тигізеді дейді. Елімізде де бірінші емес, екінші елдің тәжірибесі қолданылады.

Райхан Қобдабергенова, «ОҚО Заңгерлер Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры: “Біз жазасын өтеушілердің қандай жағдайда тұрып жатқанын тексеруге құқылымыз. Ол заң жүзінде бекітілген. 2007 жылдан бері тексеріп келеміз. Мониторинг жүргізіп отырамыз. Меморандум негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасымен бірлесе отырып, осы індеттің алдын алуда бірлесе отырып жұмыс жүргізудеміз. Лекциялар оқимыз, профилактикалық жұмыстар жүргіземіз”.

Аталмыш департамент пен «Халықаралық түрме реформасы» ОҚО өкілдігі арасында ынтымақтастық меморандумы бекітілген.