Түрмедегі жазасын өтеушілер «онлайн-кездесу» жүйесіне көшті

496

Коронавирус індетінің таралуының алдын алу үшін түрмеде де тәртіп қатаңдатылды.

Шымкенттегі түзету мекемелерінде қызметкерлердің сәт сайын дене қызуы тексеріліп, медициналық маскалармен қаматамасыз етіліп жатыр. Қолдарына қолғап үлестіріліп, есік-терезелер дезинфекцияланып отырады.

Сондай-ақ,сотталғандардың туыстарымен тікелей кездесуіне шектеу қойылып, онлайн жүйемен хабарласуға көшкен. Бұл үшін абақтыдағы жазасын өтеушілерге арнайы бөлме қарастырылып, онда қолдарына видео-байланыс орнатылған смартфон беріледі. Және бұл процесс арнайы түзеу мекемесінің қызметкерлерінің тікелей қадағалауымен жүзеге асырылады.Айнұр Әділбекова, ИЧ 167/4 түзету мекемесінің бастығы: «Қазіргі таңда қысқа мерзімді кездесудің өзі онлайн жүйеге өткен. Ол жарты сағаттан 2 сағатқа дейінгі уақытты қамтиды. Сотталған азаматшалар онлайн арқылы өзінің туған-туыстарымен сөйлесіп, хабарласа алады».

Мөлдір Бекеева