Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотында алимент өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
Іс-құжаттарға қарағанда, талап қоюшы С. жауапкер М. өзіне баласы үш жасқа толғанша 20 АЕК мөлшерінде алимент өндіру жөніндегі талап қою арызымен сотқа жүгінген. Себебі өзі жұмыс істемейтін және баласына күтім жасайтынын, ал жауапкер өз тарапынан ешқандай материалдық көмек бермейтіні туралы көрсеткен.
Сот отырысында талап қоюшы С. және жауапкер М. өздерінің дауды медиация тәртібімен бітіру туралы өтініш білдірген. Тараптардың өтініші бойынша медиациялық іс жүргізуді аудандық сотың судьясы жүргізген.
Медиация келісімін жүргізу нәтижесі бойынша медиация келісімі түзілген. Онда жауапкер М. талап қоюшы С. ай сайын жеті мың теңге көлемінде баласы үш жасқа толғанша алимент төлеп тұруға міндеттенген.
Медиациялық келісім сотта бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылған.