Қаладағы Ұ. Арғынбеков көшесі мен Темірлан тас жолын қосатын екі аралықтың ұзындығы үш шақырымды құрайды. Бұл көшенің құрылысы екі жыл бұрын басталған. Былтыр қолданысқа берілуі тиіс еді. Алайда көше бойындағы 33 тұрғын үй жолды кеңейтуге кедергісін келтіріп келген, бүгінде соның 27 бұзылыпты.
Жол құрылысының жалпы құны 1 млрд 300 млн. тенгені құрайды, мердігер компания өткен жылы 700 млн. теңгеден астам қаражатты игеріп, тиісті жұмыстарын атқарған. Ал биылға қаралған 600 млн. теңге бөлініп, құрылыс қайта қарқын алды. Құрылысшылар жолды кесіп өтетін Қошқар ата өзенінің арнасын жөндеп жатыр.
Сала мамандарының айтуынша, бұзылуға жататын үйлер тезірек алынса, құрылыс та мезгілінде аяқталады. Бүгінде жол жөндеу жұмысының 80 пайызы аяқталған. Асфальт қабатының алғашқы жабынғысы төселген. Жол құрылысы дер кезінде бітіп, пайдалануға берілсе, шаһардағы көлік кептелістері біршама реттелері сөзсіз.
Нұрлан Күдерұлы