Сарыағашта араздасқан көрші ауылдың жігіттері бір-бірімен атысты

2802

Арнамызға хабарласқан Сарыағаш ауданы, Абай ауылының тұрғындары жергілікті жерде атыс болғанын айтты. Сөздеріне сүйенсек, көрші ауыл тұрғындары бас араздық салдарынан бір-біріне оқ атқан. Салдарынан екі азамат жарақат алып, ауруханаға түскен.

Куәгерлердің сөзінше, қару атқан азаматтардың жасы шамамен 25-30 да. Сондай-ақ бейресми мәліметтер бойынша, күдіктілер қамауға алынған. Бұл іске қатысы бар деген болжаммен үш азамат тергелуде. Ауылдықтар тәртіп сақшыларының күні-түні күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқандарын жеткізді.

Ал құзырлы орган өкілдері көрші ауылдағы жігіттердің арасында болған атысты растап берді. Қазір оқиға орнында полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізуде.