Танымал әнші Жазира Байырбекованың ағасы Ербол Байырбеков фейсбук парақшасында бала кезгі суретін жариялады. Сазгер Ербол Байырбековтың жариялаған суретте болашақ әншілер Жазираның да, Ләззаттың та шаш қоюы талайдың бала кезін еске түсірді.
Сурет Алматы қаласында, нағашыларының үйінде түсірілген екен. Қазақ эстрадасына қос әнші қыз бен композитор сыйлаған аналарының жас күніндегі суреті әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті.
«Сабира бауырмал, Ләззат ашық, Жазира тұйықтау еді бала кезінде» деп еске алады композитор Ербол Байырбеков. «Әлі күнге дейін Сабира ашулануды білмейтін елгезек, Ләззаттың ашуы да, қайтуы да тез, Жазира болса тұйықтығынан танбаған» деп қосты танымал әншінің ағасы.