Шымкентте Әлішер Кәрімовтың концерті өтті

Алишер Каримов

Қазақстанға танымал әнші Әлішер Каримов Шымкентке келіп, концерт берді. Кеште әншінің жаңа туындыларымен қоса халықтың жүрегінен орын алған хит әндері де шырқалды. Концерттің ерекшелігі – барлық ән қазақ тілінде орындалды. Осылайша «НұрОтан» халықтық демократиялық партиясының қолдаумен ұйымдастырылған кеш қазақ тілін дәріптеуге арналды.

Алишер Каримов

Бес жасынан бастап өнерге келген Әлішер көптеген байқауларда бақ сынаған. Соның бірі – SuperStar.KZ ән байқауында екінші орын иеленгені белгілі. Қазіргі уақытта өлең жазумен де айналысып жүрген әнші әлі алар асуым алда дейді.  Еліміздің 23 қаласына концерт қоюды қолға алған жас жігіт қазір үлкен жұмыс үстінде екенін айтады. Өзі Қазақ эстрасының деңгейін жоғарылатуға септігін тигізуді алдына мақсат етіп қойған.