Ақша үшін ұрсып қалған шымкенттік танысын пышақтап тастады. Шымкентте 22 мамыр күні түнгі сағат 22:00 шамасында Қаратау ауданы 194 орамда ер адамның денесі табылды. 1980 жылы туған шымкенттік өз үйінде асхана пышағымен танысының ішіне екі рет соққы жасаған.
Алған дене жарақатынан марқұм сол жерде жантәсілім еткен. Алдын ала мәлім болғаны, кикілжің ақша мәселесінен туындаған. Күдіктіні полиция қамауға алды. Қаратау аудандық соты Даниярға ҚР ҚК -нің 99 бабы 1 -ші бөлігімен, қасақана адам өлтіру бабы бойынша айып тағып, екі айға қамауға алуға санкциялық шешім шығарды. Тиын үшін төзімсіздік танытып, танысын өлтірген қанішер енді кем дегенде 5 жыл түрмеге тоғытылуы мүмкін.