Ақтау соты шымкенттік полицейлерді ақтады

498

Ақтау қалалық сотында шымкенттік екі полицейге қатысты сот процесі аяқталды. Тәртіп сақшыларының үстінен Ақтау тұрғыны шағымданған еді. Екі полицейдің  аңдуының арқасында көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан 15 жасар қызымен бірге секіруге мәжбүр болдым деп әйел азаматша арызданған болатын.

Елдің назарын аудартқан бұл шағымнан соң екі полицейге қатысты ҚР ҚК 362 бабы, билікті асыра пайдалану бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Ақтау қалалық соты екі сотталушыны ақтап отыр. Тәртіп сақшыларының іс әрекетінде ешқандай қылмыстық құрам жоқ деп табылды. Қазіргі таңда екі полицей де Шымкент қаласы Еңбекші аудандық ІІБ- де қызметтерін қайта жалғастыруға кірісті.