Бәйдібек ауданы Боралдай ауылында «Боралдайдың бозторғайы» ақын Орынбай Таймановтың 150 жылдығы аталып өтті. Шара барысында Орынбай Таймановтың кесенесінде құрбандық шалынып, құран оқумен басталды.
Мұнан соң Боралдай ауылындағы «Қаратау» мәдениет үйінде жалғасты. О.Таймановтың 150 жылдығын атап өтуге, кесенені қалпына келтіруге үлес қосқан бірқатар азаматтарды ақынның 150 жылдық медалімен және алғыс хаттармен марапаттады. Жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты Е.Тұрысов пен қоғам қайраткері, жазушы М.Байғұт О.Таймановтың өлеңдері, жыр-дастандары, айтыстары жинақталып, жарық көрген кітабының лентасын салтанатты түрде қиды.
Шара республикалық ақындар айтысына жалғасып, еліміздің Астана, Жамбыл Қызылорда, Семей Шымкент қалалары мен Бәйдібек ауданынан барлығы 10 ақын қатысты.
Айтыстың қорытындысы бойынша бас жүлде автокөлікті Бәйдібектік Біржан Байтуов, бірінші орынды Алматылық Ринат Зайытов, екінші орынды Бәйдібектік Қажымұқан Абзалов, үшінші орынды Семейлік Рүстем Қайыртай иеленді. Сонымен қатар айтыскер ақындарымызға аудан әкімдігі дайындаған аудан әкімінің, Айнабек Нысановтың, Манат қыздың, Аманбай Қанашаевтың, Абай Айнабековтің, Гүлсім Әділбекованың арнайы жүлделері мен О.Таймановқа 150 жыл медалі табыс етілді.