Оңтүстікте республикалық Наурыз айтысы басталды

547

Бүгін Оңтүстікте республикалық Наурыз айтысы басталды. Биылғы жыр бәсекесі Қазақ хандығының – 550, Ұлы жеңістің 70 жылдығы құрметіне арналып отыр. Тарихи маңызы зор сайысқа еліміздің от ауызды, орақ тілді 14 бірдей ақыны жолдама алған.

Сахнаға сарыағаштың серісі Жарқынбек Наушабек пен Жамбыл облысынан келген ақын Ахметжан Өзбеков алғашқы жұп болып көтерілді. Олардың өнерін 5 адамнан құралған қазылар алқасы бағалап отыр.

Айтысты белгілі сатирик Көпен Әмірбек жүргізді
Айтысты белгілі сатирик Көпен Әмірбек жүргізді

Облыстық мәдениет басқармасы басшылығы жеңімпаздардың есімі бүгін белгілі болады деп мәлімдейді. Айта кеткен жөн, жыр додасының бас жүлде иегеріне тағайындалған сый қомақты – 1,5 млн. теңге. Бірінші орын иегеріне 1 млн. теңге беріледі. Ал сахнада өнер көрсеткен әрбір ақынға 200 мың теңге қаржылай сый тапсырылмақ.

7055

Жарқынбек Наушабек, ақын: » Қазақ хандығының 550 жылдығын жырлап жатырмыз. Әрине, өткенді айту, оны дәріптеу ақындардың басты міндеті деп білемін. Бұған қоса Ұлы Жеңіс төңірегін де кеңінен жеткіздік. Себебі біздің елден майданға 5000-дай қыз-келіншектер қатысқан. Оны жұрттың бірі білсе, бірі білмейді ғой. Тек Әлия мен Мәншүкті ғана айтып жүрміз. Бүгінгі айтыста осындай ерлікті жырлап, оны халыққа жеткізіп жатырмыз.»