Автокөлік ұрылары ұсталды

507

Шымкентте автокөлік ұрлаумен айналысқан жас жігіт қолға түсті. 2018 жылдың 10 наурызы күні Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, онда белгісіз тұлғаның үйінің алдында тұрған автокөлігінен терезесін сындыру арқылы ішіндегі бейнебақылау камерасын ұрлап кеткенін мәлімдеген. Жәбірленушіге 50 мың теңге шығын келген.

Аталған жайт Қаратау ПБ-де ҚР ҚК-нің ұрлық бабымен тіркелген. Бұл дерек бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізген полицейлер жергілікті тұрғынды анықтап ұстады.

Тергеп –тексеру жұмыстары барысында күдіктінің ұрлықтың 9 дерегіне қатыстылығы анықталды. Ол көпқабатты үйлердің ауласындағы автокөліктердің қараусыз қалғанын және жан-жақта ешкімнің жоқтығын пайдаланып терезесін сындыру арқылы ішіндегі бағалы заттарын ұрлап кетіп жүрген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.