Батыр бабаларға тағзым етті

654
Шымкентте "Қаһарман ұлт" шеруіне 2000-мыңға жуық азамат қатысты

3000-дай жерлестеріміз жиналған салтанатты жиын ер жүрек батырларды үнсіздікпен еске алудан басталды. Облыс әкімі бастаған ел ағалары Отан үшін жанын қиған ата-бабаларымыздың, апаларымыздың ерлігіне тағзым етіп, «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды. Жансейіт Қансейітұлы оңтүстік жұртын Жеңіс мерекесімен құттықтап, сұрапыл соғыста шайқасқан майдангерлерге Бейбіт күн үшін, біздің бүгінгі жарқын өміріміз үшін алғыс білдірді.

Екінші Дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан 2 млн-ға жуық адам қатысты. Оның 140 мыңнан астамы оңтүстікқазақстандықтар. 51 азаматқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілген, 8 майдангер «Даңқ» орденінің игері атанды. Сондай-ақ, «Халық қаһарманы» атағына ие болған бір майдангеріміз болды.

Майдангерлердің әрбірінің аты-жөні «Даңқ» аллеясындағы мемориалға қашалып жазылған. Мерекеге жиналған жұртшылық елін жаудан қорғаған ата-бабаларының есімі белгіленген орынға келіп, құран бағыштап, тағзым етті. Перзенттеріне олардың өшпес ерлігі туралы естеліктерін айтып жатты.