«Жаңа күн» бағдарламасының кезекті қонағы өңірімізге белгілі стилист Наз Герман:
— 2018 жылғы жаздық трендтерді айтып өтсеңіз. Биылғы жылы қандай үлгідегі киімдер сәнде болмақ?
— Сән дегеніміз қоғамда, белгілі бір уақыт аралығында трендте болатын заттарды мода деп атаймыз. Биыл 1980-90 жылғы сәндер қайт айналып келіп отыр. Ол сәнге заман талабына сай біршама өзгерістер енгізілген.
— Мысалыға қандай киімдерді айта аласыз?
— Қазіргі заманғы стильдің өзі спорт-шик болғандықтан адамдарда қозғалыс көп. Сондықтан да киім өте ыңғайлы болуы керек. Сапалы болуы керек. Спортқа жақын стиль сәнде. Бахрама, авиатор, көзілдіріктер модалар қайталануда. Шашақ үлгісі де қайталанып келіп отыр.
— Ал қандай түстер сәнде?
— Осы жылы сән әлемінде үлкен өзгеріс, үлкен жаңалық болды. Өйткені бүкіл әлемге танымал Pantone түстер институты жыл сайын 10 түсті таңдап ұсынса биыл бірден 12 түсті ұсынып отыр. Бұрын соңды сән әлемінде мұндай жағдай болған емес. Биыл қызыл түстерге басымдық беріліп отыр. Яғни, қызанақ түсті қызыл, коньяк қызыл, қанық түстері. Сондай-ақ, күлгін көк яғни, (фиолетовый) түстер де, ультра күлгін көк түстер де сәнде. Сонымен қатар аспан көк түстер, күн қатты шығып тұрған кездегі теңіздің түстері, лимон сары, жасыл мен сарының қосындысы түріндегі түстер сәнде. Өрік түстері де тренде. Ешқандай сәннен қалмайтын классикалық түстер қара мен ақ түстер де бар.
— Биылғы сәндегі 12 түстің қайсысын бір — бірмен үйлестіріп киюге болады?
— 12 түстің барлығын қара және ақ түспен үйлестіруге болады.