«Изуми» сауда орталығы балаларға базарлық жасады

456

«Изуми» сауда орталығынің қызметкерлері Шымкенттегі мектеп интернатына барып жеткіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қайырымдылық шарасы балаларға қатты ұнады.

Қосалқы мектеп интернатындағы балаларға бүгін “Изуми” сауда орталығының мамандары қонаққа келді. Орталықтың қызметкерлері балғындарға түрлі сыйлықтар тарту етті. «Изуми” сауда өкілдері бұл интернаттағы оқушыларға арнайы келген. Өйткені мұндағы өнерлі балғындар көптеген сайыстардың жеңімпаздары.

Айтпақшы, мұндағы балғындар 25 мамыр күні Астана қаласына барып өңірдін атынан байқауға қатысады. Балғындардың республикалық сайысқа жолдама алуы бірінші рет емес. Қуаныш сыйлаған бүгінгі қонақтарға да өнерлерін паш етіп, билеп берді.

Қазір бұл қосалқы мектеп интернатында 150 бала тәлім алады. “Изуми” сауда орталығы балғындарға бір жылдан бері қолдау көрсетіп келеді.