Кәсіпкерді өлтіріп, өртеп жібергендердің ісі сотқа өтті

405

ОҚО, Қазығұрт ауданында 28 жастағы жігіт сыбайласымен бірге кәсіпкерді өлтіріп, өртеп жіберген. Қылмыстық іс материалдары сотқа өткізілді.

Осы жылдың ақпан айында сотталушы Нариман Сүлейменов таныстарының бірі ауыр жүк көлігін сатып алмақ болып, іздестіріп жүргенінен хабардар болады. Сотталушы туысымен бірге Түлкібас ауданынан жүк көлігін аламыз деген желеумен кәсіпкерді шақырып алады.

Кәсіпкер буынып түйініп бар ақшасын алып, өз көлігімен кездесуге келеді. Арам пиғылды қаскөйлер кәсіпкерді буындырып өлтіріп, «Фольксваген гольф» көлігінің жүк салғышына мәйітін салып өртеп жіберген.

Өртенген көлік Тұрар Рысқұлов ауылының шетінде табылған. Қасақана кісі өлтірген сыбайлас іздеуде. Сот алдында бір ғана жауапкер Нариман Сүлейменов жауапқа тартылуда.