Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында 1991 жылы туған жігіт көршісінің 13 жасар ұлына жыныстық сипаттағы зорлық жасаған. Қарабұлақ ауылында тұратын 27 жастағы жігіт үйде ешкімнің жоқтығын пайдаланып жасөспірім ұл баланы құшақтап, сүйіп, арам пиғылын іске асырмақ болған.
ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында аталған жәйт бойынша қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шығарылған. Сот тергеуі барысында 27 жастағы Ө. өз кінәсін мойындамаған. Алайда сот медициналық сараптама нәтижесімен кінәсі дәлелденіп, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Оған ҚР ҚК — нің 121 бабының 4 — ші бөлігімен, яғни кәмелетке толмаған тұлғаға жыныстық сипаттағы зорлық көрсеткені үшін айып тағылды.