Оңтүстікте терроризмді насихаттағандар ұсталды

443

Оңтүстікте тағы да терроризмді насихаттағандар құрықталды. ОҚО ІІД мен ОҚО ҰҚКД қызметкерлері жедел іс шараларын бірлесе жүргізіп, 1990 және 1992 жылы туған екі азаматты ұстады. Екеуі де Түркістан қаласы мен Сайрам ауданында діни радикалды аудио және бейнежазбаларды таратқаны үшін айыпталуда. 

Терроризимді насихаттау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «ОҚО ІІД Тергеу басқармасымен барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды»-делінген ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы таратқан баспасөз хабарламасында.